Туризм министрі Швеция Корольдігімен келісімге келді

23.01.2025, 13:28
499
Туризм министрі Швеция Корольдігімен келісімге келді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Екі жақ өзара ынтымақтастыққа қол қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.

Кездесуде тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу сияқты өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін пысықтады.

«Спорт саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жыл өткен сайын дамып келеді. Швеция қысқы спорт түрлері бойынша әлемдегі алпауыт елдердің бірі саналады. 2024 жылғы наурызда шаңғыдан Қазақстан құрама командасы Швецияның Фалун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшыларымыз мол тәжірибемен оралды. Алдағы уақытта да қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізуді ұсынамыз», – деді Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы байланыстарды дамытудың маңызына тоқталып, аталған саланың экономиканың дамуына елеулі әсер ететінін айтты.

Министр Қазақстан Швециямен туризм және спорт саласындағы жаңа бірлескен жобаларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін және ұзақ мерзімді әрі өнімді серіктестікке үміт артатынын жеткізді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді