Ресейде жабылып қалған бірнеше кәсіпорын Алматыға көшті

23.01.2025, 14:49
34651
Ресейде жабылып қалған бірнеше кәсіпорын Алматыға көшті pixabay.com

Кәсіпорындар бас кеңселерін Алматыға ауыстырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде жұмысын тоқтатқан қандай кәсіпорындар Алматыға көшіп келді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысының орынбасары Қайрат Нұрқасымов агенттік сауалына жауап бере отырып, әкімдік Ресей Федерациясында қызметін тоқтатқан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды мегаполиске әкелу бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, қалада InDriver, Koppert (био тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау өндірісі), Stada Arzneimittel (фармацевтикалық өндіріс), Great Wall Motors (автомобиль өндірісі), Clariant, China Railway Construction Corporation (теміржол құрылыс корпорациясы) және WEG (электр жабдықтарын өндіру) сияқты компаниялардың аймақтық кеңселері ашылды.

Сонымен қатар бұрын өз қызметін Ресейде жүзеге асырған Honeywell компаниясы 2022 жылы Алматыда басқару қораптарын құрастыру бойынша жаңа өндіріс орнын іске қосты. Ал индустриялық аймақта Weir Minerals зауыты сорғы жабдықтарын, гидроциклондарды және бекіту арматурасын өндіру және қалпына келтіру бойынша жұмысын бастады. Оған 1,25 млрд теңге инвестиция салынып, 60-тан астам жұмыс орны құрылды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді