Әкімдіктерге көкөністерді қоймада ұстамай, нарыққа шығару тапсырылды

04.03.2023, 17:46
551
Әкімдіктерге көкөністерді қоймада ұстамай, нарыққа шығару тапсырылды

Әкімдіктерге көкөністерді қоймада ұстамай, нарыққа шығаруды тапсырамын. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осындай тапсырма берді, деп хабарлайды smartnews.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин өткен аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын атап өтті. Демек, тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай, көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын, - деді Серік Жұманғарин.

Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтқандай, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді. 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз – 4,9 мың тонна, қырыққабат – 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, Айдар Әбілдабеков делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы мен Шымкент қалаларында комиссиялар тиімді жұмыс істеп келеді.

Кейінгі аптада Атырау облысында өңірлік комиссия «Атырау ПробСнаб» ЖШС-мен сары майдың көтерме бағасын 60%-ға төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қостанай облысында ірі өндірушілермен өңірдің ірі супермаркеттеріне тікелей жеткізу туралы шарттар жасалды, нәтижесінде делдалдар алынып тасталды. Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізушілерді талдау барысында сауалнама арқылы қырыққабатты сататын өнімсіз делдал анықталды. Қазір мұнда көкөністерді тікелей жеткізу шартын бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды