Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Жапония тарихын өзгертіп, басёда көш бастады

23.01.2025, 15:55
904
Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Жапония тарихын өзгертіп, басёда көш бастады әлеуметтік желіден

Ерсін – Император кубогінің көшбасшысы атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ балуаны Ерсін Балтағұл Жапониядағы Император кубогінде алғаш рет көшбасшы атанды.

Токиодағы «Кокугикан» сумо сарайында Жапония елінің элиталық дивизионында өтетін ең беделді ұлттық күрес турнирлерінің бірі аяқталуға жақын. Дәл осы бәсекеде ешкім күтпеген нәтиже тіркеліп отыр. Қазақстаннан шыққан Ерсін Балтағұл қаңтар айындағы басёның басты кейіпкері болды. Балуан Күншығыс елінде Кимбодзан Хируки лақап атымен танымал.

Қазір 9 айналым қорытындысы бойынша Балтағұл турнирлік кестенің көш басында. Кимбодзан Хируки – қаңтар айындағы басёда бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз балуан. Ерсіннен кейін рейтингте моңғол сумошысы Тиесема, үшінші және төртінші орынға жапониялық Охо мен Такэруфудзи орналасқан. Император турнирі 26 қаңтарда аяқталады. Жарыс соңына дейін балуандар тағы 5 жекпе-жек өткізеді.

Кимбодзан Хируки – элиталық дивизионға қосылған алғашқы қазақстандық сумошы. Ерсін Алматы облысында дүниеге келген. Сумоға дейін ол дзюдо спортымен айналысқан.

Айта кетейік, сумоға шектеулі шетелдік балуандар қатысады. Грузин батыры Теймураз Джугели (Гагамару Масару) зейнетке шыққан соң, сол орынға қазақ балуаны қабылданды.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды