Шырша үшін мертілген мұғалім: Семей әкімінің орынбасары күдікке ілінді

24.01.2025, 10:55
719
Шырша үшін мертілген мұғалім: Семей әкімінің орынбасары күдікке ілінді SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бас прокуратура Семейде шыршадан құлап кеткен мұғалім Қуат Айтқалиевтің ісіне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 632-бабының 4-бөлігі (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру 2024 жылғы 22 желтоқсанда басталғаны мәлім болды.

"Тергеу барысында қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев мұғалімдерді кәсіптік қызметіне байланысты емес жұмысқа заңсыз тартумен айналысқаны анықталды. 2024 жылдың 27 желтоқсанында оған күдікті мәртебесі берілді. Қазіргі уақытта Қуат Айтқалиев ауруханадан шығарылып, үйінде жалпы тәжірибелік дәрігердің бақылауында (2025 жылдың 9 қаңтарынан бастап оның жағдайы тұрақты, Денсаулық сақтау министрлігі бақылауда", - деп хабарлады Бас прокуратура депутаттық сауалына берген жауабында.

Шыршаны безендіруге басқа мұғалімдердің де (барлығы бесеуі) заңсыз қатысқаны хабарланды. Нәтижесінде No19 және No40 мектеп директорлары қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес (23 желтоқсан 2024 ж.) сөгіс алды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы (Б. Бұлабаев) облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес (23.12.2024 ж.) қызметінен босатылды.

№49 мектеп директоры (Г.Тоқтаубаева) еңбек демалысында, оның міндеттерін директордың орынбасары Н.Құрманов атқаруда (17.12.2024 ж.).

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айының соңында Семейде қала орталығындағы алаңда жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім зардап шеккен болатын. Ер адам түрлі жарақат алып, шұғыл ота жасалған. Сол кезде бұл оқиға үшін бірқатар шенеуніктер жазаланды. Арнайы тергеу де басталды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды