«817 доллар»: Орталық Азия елдері арасында Қазақстан орташа жалақы бойынша бірінші орында тұр

24.01.2025, 15:34
661
«817 доллар»: Орталық Азия елдері арасында Қазақстан орташа жалақы бойынша бірінші орында тұр Getty Images / Yevgeniy Sambulov

Қазақстан тұрғындары басқа Орталық Азия елдеріне қарағанда бай ма? Рейтинг жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр. Аталған деректі Ranking.kz сайты ұсынды.

ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті жариялаған салыстырмалы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы орташа номиналды жалақы $817,2 құрады. Бұл Өзбекстан (437,8 доллар) немесе Қырғызстанмен (411,2 доллар) салыстырғанда екі есе дерлік көп. Тәжікстан Қазақстаннан одан да артта қалды – ондағы жалақы 3,4 есе төмен (242,8 доллар).

Түркіменстандағы ресми номиналды жалақы туралы ағымдағы деректер жоқ, Түркіменстанның Мемлекеттік статистика комитетінің сайтында мұндай ақпараттың соңғы жаңартылуы 2023 жылы болды.

Қазақстанда да ең төменгі жалақы жоғары. Өткен жылы 85 мың теңге, яғни 181,1 доллар болған. Орталық Азия аймағының басқа елдерінде бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен болды: Өзбекстанда – 89,4 доллар, Тәжікстанда – 54,9 доллар, Қырғызстанда – 28,3 доллар.

Орталық Азияның төрт еліндегі ең жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру секторында. Сонымен қатар, елдер арасындағы көрсеткіштердің айырмашылығы бар: Қазақстанда қаржыгерлер мен сақтандырушылардың жалақысы 1,7 мың доллардан асады, бұл, мысалы, Тәжікстандағыдан (561,9 доллар) үш есе көп.

Қазақстан үшін қаржы және тау-кен өнеркәсібі ең жоғары жалақы алатын сала болып табылады. Тәжікстанда қаржы секторы компанияларының қызметкерлерінен басқа, өндіріс және қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметкерлері ең жоғары табыспен мақтана алады. Өзбекстан қаржы және IT секторындағы жоғары (мың доллардан астам) жалақымен ерекшеленеді. Осындай үрдіс Қырғызстанда да байқалады.

Орталық Азия елдерінде азаматтардың жалақысы ең төмен болған секторлар ішінара сәйкес келеді. Төмен жалақы білім мен денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен және коммуналдық секторда байқалады.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты