Астанада букмекердің жарнамасы үшін 1,5 млн теңге айыппұл салынады

25.01.2025, 09:52
597
Астанада букмекердің жарнамасы үшін 1,5 млн теңге айыппұл салынады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтырғы жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің сыртқы жарнамасына тыйым салатын заң күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнамалық құрылымдардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осы шаралардың арқасында елордада заң күшіне енгенге дейін букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды.

«Астана-Жарнама» сыртқы жарнамаларды бақылауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұзушылықтар анықталса, заңсыз жарнама жойылып, оны таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы кітапшалар шығарылуда, - делінген мәліметте.

Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады.

ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес, заңды бұзғаны үшін 236 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды