Жаңбыр, қар, найзағай: 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

04.03.2023, 19:46
784
Жаңбыр, қар, найзағай: 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері жексенбі, 5 наурызда республиканың 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, 6 наурызда түнде нөсер жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды