«Қамшыбек маған ойланып жүрмін деді»: Қамшыбек Қоңқабаевтың бокстан кетуіне қатысты бапкері пікір білдірді
Қамшыбек оқу-жаттығу жиындарына қатыспаған соң ұлттық құрамадан шығып қалды дейді бапкер.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құраманың экс-капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың бокспен қоштасқаны туралы ақпарат тарады. Мұны құрама бапкері Қайрат Сәтжанов айтқан еді.
Дегенмен, былғары қолғап шеберінің өзі үнсіз. Өзіне де хабарласып сөйлесе алмадық. Ал, жеке бапкері Сейітжан Төкенов «шәкіртіммен соңғы рет сөйлескенде, әлі нақты шешім қабылдамағанын алға тартып еді» деп отыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші