Кешелі бері Риддерде қатты жел соғып тұр. Соның салдарынан бірнеше көшеде электр желілері үзіліп, тұрғын үйлерде жарық сөнді.
«Шығысэнерготрейд» компаниясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 4 апаттық бригада қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл электр желілері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында.
Сондай-ақ, «Таврия ЭЖА» өкілдері көмекке тартылды. «ОЭСК» АҚ мен ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері жарықтың жылдам қосылуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.