Ақтөбеде хоккейді дамытуға биыл 956 млн теңге бөлінген

26.01.2025, 12:11
418
Ақтөбеде хоккейді дамытуға биыл 956 млн теңге бөлінген Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жаңа жабдықтар сатып аламыз дейді облыс әкімі Шахаров.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс әкімі Асхат Шахаров №5 «Олимп» БЖСМ-не де барды, онда хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бойынша балаларға арналған секциялар жұмыс істейді.

Өткен аптада «Олимп» хоккей модулінде жылу алмастырғыш істен шыққан-ды. Осыған байланысты мұз үстіндегі сабақтар тоқтатылды. Сәйкесінше, жаңа жабдықты сатып алу немесе ескі жабдықты жөндеу мәселесі күн тәртібінде болды. 

«Бүгінде жылу алмастырғыш жөнделді. Жаңа жабдықты да сатып алу жоспарлануда. Ескі құрылғы істен шыққан жағдайда, балалар жаттығуларын үзбеуі үшін оны жаңасына ауыстырамыз», - деп түсіндірді Асхат Шахаров.

Жылу алмастырғышты сатып алуға демеушілерді тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, хоккей бойынша өңірде ересектер, жастар және балалар командалары құрылғанын атап өткен жөн. 2024-2025 маусым ойындарына «Aqtobe» хоккей клубының жеті командасы қатысуда. Қазіргі уақытта ерлер командасы 7-орында, жастар командасы 5-орында, балалар командалары 2-ден 6-орынға ие. 

2025 жылға арналған хоккейдің бюджеті 956 млн. теңгені құрады.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты