Ақша бопсалаумен айналысқан студенттер лекция кезінде ұсталды
Олар 18 жастағы ақтөбеліктен 100 мың теңге бопсалаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жастар бопсалағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі жеткізді.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында білім беру мекемелерінің бірінің үш студентін ұстаған. Олар физикалық күш көрсету арқылы 18 жастағы жәбірленушілерден 100 мың теңгеге жуық ақша бопсалаған.
«Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, күдіктілер дәл осы оқу орнында дәріс оқып жатқан кезде ұсталған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші