«Инша Алла, орамалға келемін»: Меккеге барған Қарақат Әбілдина мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2025, 18:34
2231
«Инша Алла, орамалға келемін»: Меккеге барған Қарақат Әбілдина мәлімдеме жасады жеке мұрағатынан

Бір киіп, бір шешетіндердің қатарынан болғым келмейді деді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші жаңа жыл қарсаңында отбасымен бірге қажылық сапарға аттанған. 

«Міндетті түрде орамалға келемін. Инша Алла! Сән үшін емес, саналы түрде келемін. Жаратушымның әмірі жүрегіме түскен кезде келемін. Бір киіп, бір шешетін орамал ойыншық емес! Талайларды көріп жүрміз, ондайлардың қатарынан болғым келмейді. Бұл әйел заты үшін өзекті тақырып, өте күрделі қадам. Әсіресе біз өмір сүріп жатқан қоғамда өте маңызды.

Адам бірінші сырт келбетін бүтіндеуден бастамас бұрын, ішкі әлемін, руханиятын иман байлығымен толықтыруы керек! Саналы түрде дегеніміз – сол. Ілім, білім жинап, ақылмен шешім қабылдаса қайырлысы сол болмақ. Бұл – менің пікірім. Қате шығар мүмкін?! Мысқылдап жазған пікіріңізге қысқаша жауабым осы. Алла түзу, қайырлы жол берсін!», – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі 16 жылдан кейін Меккеге барғанын айтқан еді. 

«2007 жылы қасиетті жерге алғаш келген едік. Екінші ұлым, Имашыма 3 айлық аяғым ауыр болатын. Тұңғышымыздан кейін сегіз жыл бала тұрмады. Сол жылы Бекболатымыз бір қауіптен аман қалып, әкемнен айырылып жан дүнием боп-бос, әбіржіген кезімде ұлық Алла өзі шақырғандай жолымыз түседі.

Алғаш Әл-Харамға қадам басып, қағбаны көзіммен көрген кездегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – деп жан сырын ақтарған еді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды