12 матч қатарынан жеңілген «Барыс» биыл алғаш рет жеңіске жетті

27.01.2025, 09:45
417
12 матч қатарынан жеңілген «Барыс» биыл алғаш рет жеңіске жетті hcbarys.kz

Ресейлік «Сибирь» клубын жеңді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында өз айдынында «Сибирь» клубын қабылдап, овертаймда жеңіске жетті.

Сарапшылар бұл кездесуде қонақтар жеңеді деп болжаған. Себебі елордалық ұжым қатарынан 12 матчта жеңілген болатын. Оның алдында да тәуір ойнағаны шамалы, маусым басталғалы бері үш рет бапкер алмастырып, легионерлердің көбін қуып тынды. Турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.

Дегенмен, бүгінгі матчта Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері жеңіске деген жігер танытса керек, жанкүйерлерін бір қуантты.

Бас бапкер айдынға мына құрамды шығарды: Бояркин (Маттссон) — Бекетаев-Данияр, Сетдиков-Николишин-Савицкий; Хохлов-Антипин, Жафяров-Өмірбеков-Панюков; Гайтамиров-Королёв, Мұратов-Рахманов-Старченко; Диханбек-Бутенко, Қайыржан-Логвин-Гросс.

Алғашқы кезеңде командалар екі шайбадан соқты. Айдын иелері сапынан Виктор Антипин пен Никита Сетдиков мергендік танытты. Екінші кезеңде қонақтар бір голмен алға шыққанымен, үшінші кезеңнің соңғы секундтарында Сетдиков дубль авторы атанып, таразы басын теңестірді, тиісінше ойын овертаймға ауысты. Бұл кезеңде «Барыс» клубының мерейі үстем түсті. Жеңіс шайбасын тағы сол Сетдиков соғып, хет-трик авторы атанды. 

Енді 31 қаңтарда «Барыс» сырт айдында Омбының «Авангардымен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Сибирь» (Новосібір, Ресей) 4:3 ОТ (2:2, 0:1, 1:0, 1:0)

Шайбалар:

1:0 — 09:05 Антипин (Жафяров)
1:1 — 10:41 Бутузов (Бек, Широков)
1:2 — 12:15 Гоголев
2:2 — 16:21 Сетдиков (Бекетаев, Николишин)
2:3 — 33:30 Аланов (Белоусов)
3:3 — 59:34 Сетдиков (Старченко, Савицкий) 
4:3 — 61:02 Сетдиков (Старченко, Бекетаев) 

Қақпашылар: Бояркин — Красоткин

«Базардан алып, балаларыма да бермей жедім»: Әйел балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған Танымал түрік актері Бурак Өзчевит қазақ баласының тұсауын кесіп берді (ВИДЕО) «Сот небәрі 15 минутта шешім шығарды»: Оқушыларға қалдық тамақ берілетінін әшкерелеген мұғалім сотталды Астанада су қымбаттап, жылу арзандады Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (ФОТО) 61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған «Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) 19 жастағы қыз ер адамды контент үшін ұрып-соққан Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехник қамауға алынды «Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты «Жалғызсың ба?» деп сұрап, басқа көлікпен келді»: қыз InDrive жүргізушісінің әрекетіне шағымданды Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлады – Әлеуметтік желі «Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген Шерзат сотындағы күдікті: «Қойыңдар дедім де, кетіп қалдым» Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды Түрме әкімшілігі байқамай аса қауіпті қылмыскерді босатып жіберген Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті