839

Ұлыбританияға көшкен Елдос Сметов Лондондағы алғашқы жаттығуларына кіріскен

Жақында ғана Париж олимпиадасында алтын алған спортшы тіл үйрену үшін Лондонға кеткен еді.

Ұлыбританияға көшкен Елдос Сметов Лондондағы алғашқы жаттығуларына кіріскен
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Лондонда алғашқы жаттығуына кірісті.

Дзюдошы өзінің Instagram-stories-інде Ұлыбритания астанасында жаттығуын бастағанын көрсетті.

Естеріңізде болса, Елдос Сметов 2025 жылдың басында Қазақстаннан кеткенін алға тартқан. Ол Тұманды Альбионда ағылшын тілін үйренуді мақсат тұтып отыр. Оқу курсы 4 айға созылады.

Ол бұл сапарына өзінің жұбайымен бірге аттанды.

Материал авторы