Қазақстандық шенеуніктер 2,3 миллион теңгенің сыйлықтарынан бас тартқан

28.01.2025, 10:58
491
Қазақстандық шенеуніктер 2,3 миллион теңгенің сыйлықтарынан бас тартқан Shutterstock

Өткен жылы қазақстандық мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің арнайы қорына 2,3 миллион теңгенің сый-сыяпатын табыс еткен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 қаңтарда Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мемлекеттік қызметшілер арнайы қорға 5 АЕК-тен (2025 жылы 19 660 теңге) астам сыйлық тапсыруға міндетті екенін еске салды.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жауап қайтарып, 2024 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелерінің есебіне 2,3 миллион теңгенің 240 заты өткенін хабарлады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер немесе оның отбасы құны 5 АЕК-тен асатын сыйлықтар алса, олар мемлекет меншігіне өтуі тиіс. Хаттамалық іс-шаралар барысында табыс етілген сыйлықтар, жеке жетістіктері үшін берілетін наградаларды қоспағанда, мемлекетке өткізіледі.

«Мемлекеттік мүлік комитеті және оның аумақтық органдары жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке, оның ішінде сыйға айналдырылған (алынған) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленді», - делінген ведомство хабарламасында.

Жауаптан белгілі болғандай, сыйлықтардың арасында түрлі кәдесыйлар, мүсіншелер, картиналар, кеңсе тауарлары, сағаттар, сыйлық сертификаттары, кітаптар, телефон, киім-кешек, ыдыс-аяқ, гүлдер, сондай-ақ азық-түлік өнімдері (шоколад, кәмпит, алкоголь, шырын, кофе және басқалар).

Ең қымбат сыйлық 575 800 теңге тұратын iPhone 14 Pro болды.

Ведомствоның мәліметінше, ең көп сыйлықты – 108 бірлік – Астана қаласы бойынша ҚГІП аумақтық бөлімшесі алған. Сондай-ақ ең көп сыйлық Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерінен түскен.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды