«14 миллион теңге жұмсалған»: Алматы метросында вагон есіктерінің алдына уақытша қойылған қоршаулар желіде талқыға түсті

Аиса Махамбет Редактор
28.01.2025, 13:31
623
«14 миллион теңге жұмсалған»: Алматы метросында вагон есіктерінің алдына уақытша қойылған қоршаулар желіде талқыға түсті бейнежазбадан алынған кадр

Әдеттегідей адам өлгеннен кейін орнатылды дейді алматылықтар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматыдағы «Жібек жолы» метросында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында темір қоршаулар уақытша қойылғаны туралы видео тарады. Алайда бұл қоршаулар қолданушылардың қызу талқысына түсіп, ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін Алматы метросының 11 станциясына қоршауларды орнату жоспарланған. Видео авторы уақытша қоршауларды орнатуға 14 миллион теңге жұмсалғанын жазған.  Айта кетейік, бұған дейін мұндай қоршауларды станцияларға қою жұмыстары басталғаны туралы хабарланған еді.

Қоршаулар пойыз тоқтаған кезде вагондар арасында пайда болатын саңылаулардың орнына қойылған. Алайда оқырмандар қоршаулардың қауіпсіздік деңгейі сын көтермейтінін айтты.

"Әдеттегідей, өлгеннен кейін орнатылды", "Кішкентай бала құласа, бәрі бір, иә?!", "Адам өмірден өтті, өте өкінішті. Менің ойымша, ерекше қажеттілігі бар адамдарды міндетті түрде ертіп жүру керек. Халық кейде турникеттердің жанында топтасып тұрады", "Бағасы бір данасына миллиард теңге шығар", "Барлық уақытша нәрсе түбінде тұрақтыға айналады", – деп жазды желі қолданушылары.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады