SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы кептеліс туралы сөз қозғады.
Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. Президент оны тыңдап, қаладағы кептеліс мәселесі ушығып бара жатқанын атап айтты.
Қала әкімі үйлесімді жұмыс істейді, тиісті тәжірибесі бар. Кептеліс мәселесін шешу керек. Бұл бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау қажет. Бұл барлық облыстар мен қалаларға қатысты, — деді Тоқаев.