721

Тоқаев туризм саласының артта қалып жатқанын айтып ашуланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде туризм экономикасы артта қалып, жұмыс мардымсыз жүріп жатқанын айтты.

Тоқаев туризм саласының артта қалып жатқанын айтып ашуланды
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тоқаев Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты қандай жағдай болғанын еске салды.

"Келесі кезек күттірмейтін мәселе. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажет инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет", – деді Тоқаев.

Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек деді ел президенті. 

"Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты", – деп түйіндеді президент.

Материал авторы