Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына үкім шықты

28.01.2025, 18:32
386
Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына үкім шықты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қылмыстық топ рейдерлік басып алумен айналысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкімді жариялады. Барлығы 11 адам докқа отырды.

– Елдос Қоспаев 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленді (пәтерлер, жер телімдері, автокөліктер мен мемлекеттік және кәсіпкерлік мекемелері).
– Айдос Қоспаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Руслан Шалин 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Ерлан Имашев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Дастан Әбіжанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Қамардин Алымов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Рауан Бабаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Оксана Кудряшова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Алексей Кузнецов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Василий Бабушкин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың шілде айында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан бір топ тұлғалардың әрекетін тоқтатқан болатын.

Сол кезде қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы елге белгілі кәсіпкерлерді мүлкін тегін беруге мәжбүрлегені хабарланған. Экономикалық тергеу департаментінің дерегінше, аталған тұлғалар тобының Алматы қаласы мен Алматы облысында жасаған рейдерлік тәркілеу фактілері бойынша төрт арыз бойынша іс қозғалған.

Бұдан кейін ҚМА корпоративтік рейдерлік іс бойынша тергеудің егжей-тегжейлерімен таныстырды. 2022 жылдың 14 шілдесінде сот топтың төрт мүшесіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ал ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Елдос Қоспаев пен тағы екі сыбайласы Шалин мен Имашев халықаралық іздеуге жарияланған.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді