451

Қазақстан Үндістандағы конференцияда сайлау тәсілдерін ұсынды

Нұрлан Әбдіров бұл бастамалар демократиялық институттарды нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың сайлау институтына деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Қазақстан Үндістандағы конференцияда сайлау тәсілдерін ұсынды
election.gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация Нью-Дели қаласында Үндістанның сайлау комиссиясы және Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (А-WEB) бірлесіп ұйымдастырған «2024 – Жаһандық сайлау жылы: демократиялық кеңістіктерді растау» халықаралық конференциясына қатысты.