Мас болып көлік айдаған ауыл әкімі жазаланды

29.01.2025, 09:53
525
Мас болып көлік айдаған ауыл әкімі жазаланды Getty Images / Antonio Diaz

БҚО-да масаң күйде көлік жүргізген ауыл әкімі жауапқа тартылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері қаралған. Бұл туралы Kazinform жазды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті жүргізген қызметтік тергеп-тексерудің қорытындысында мәлім болғанындай, Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Миржан Есқалиев өткен жылдың 14 желтоқсаны күні Орал қаласында Subaru Outback көлігін масаң күйінде айдаған. 

Соған сәйкес М.Есқалиев сот қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Оған қоса жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 

Ауыл әкімі өз түсініктемесінде тәртіптік теріс қылық жасағанын мойындаған.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері М.Есқалиевті қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шараға тартуды қолдады.

Отырыста сондай-ақ Қаратөбе ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Бердіғалиев пен бас маманы Баян Жамбыловаға қатысты тәртіптік іс талқыға салынды.

Мәлім болғанындай, аталған бөлім басшысы өткен жылдың 31 қаңтарында «Нұр арманы» қоғамдық бірлестігімен ауданның мүгедектігі бар тұрғындарына инватакси қызметін көрсету үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған. Талапқа сәйкес кресло-арбамен қозғалатын немесе өз бетімен жүре алмайтын мүгедектерді тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы жабдықталған автокөлік пайдаланылуы тиіс. Алайда жеңімпаз атанған «Нұр арманы» ҚБ жабдықталмаған «KIA RIO» автокөлігімен қызмет еткен. Бұл кресло-арбамен қозғалатын жандардың қатынауына қиындық туғызған. Көрсетілген қызмет үшін бөлім басшысы ақыны толықтай төлеген.

Әдеп жөніндегі кеңес басым дауыспен Б.Бердіғалиевке қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беруді жөн деп тапты. 

Аталған шарт бөлім басшысы мен «Нұр арманы» ҚБ арасында жасалғандықтан, Б.Жамбылованың тәртіптік ісі тоқтатылды. 

 

 https://kaz.inform.kz/news/bko-da-masan-kuynde-avtokolk-aydagan-auil-akm-zhauapka-tartildi-a5f7bc/

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді