Меккеден ұшып келе жатқан рейсте дәрігер өлім аузындағы жолаушыны аман алып қалды

29.01.2025, 11:01
834
Меккеден ұшып келе жатқан рейсте дәрігер өлім аузындағы жолаушыны аман алып қалды жеке мұрағатынан

Дәрігер Жаннұр Сырымов ер адамның өмірі үшін төрт сағатқа жуық күрескен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұрат Иманғазинов биылғы 19 қаңтар күні Сауд Арабиясындағы Жидда қаласынан қажылықтан Алматыға ұшақпен ұшып келе жатқан.

Ол тұмауға қарсы дәрінің бірнешеуін ішіп, ұйықтап кеткен. Кенеттен бет-аузы адам танымастай ісіп кетіп оянғанда аллергиялық ауру пайда болғанын сезген. Тынысы тарылып, қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. 

Сол сәтте ұшақта болған Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов бірден жанына келіп, система салған. 

 Қап тауларының үстінде ұшып келе жатқан едік. Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырмақ болған. Дәрігер шұғыл көмек көрсетіп, Алматыға аман түсірді. Өлім аузынан аман алып қалған адамға алғысым зор, – дейді Мұрат Иманғазинов.

Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқаратын Жаннұр Сырымов сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан. Ол бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқастың жанына жедел барып, көзінің айналасы мен беті ісіне бастағанын көрген. 

 Жолаушыда анафилактикалық шок, яғни «Квинке ісінуі» байқалды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін. Бірден тиісті препаратты егіп, қан қысымын өлшедім, тілінің астына таблетка салдым. Жағдайы тұрақталған уақытта система қойдым. Әрі бортсерік қыз да көмектесті, –  дейді ақ желеңді. 

Айта кетерлігі, Жаннұр Сырымов негізі  медицина саласындағы алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастаған. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болған. 

Алматы әуежайы Flynas әуе компаниясының ұшағын әуежайға қондырып, Мұрат Иманғазиновты жедел жәрдеммен күтіп алған. Бүгінде оның жағдайы қалыпты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды