Прокурор Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

29.01.2025, 15:15
448
Прокурор Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мажағұлов 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, прокурор аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Астанада 2016 жылы Есіл өзеніне орнатылған «Күн» субұрқағы бойынша атышулы іс бойынша сот жалғасуда.

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты субұрқақ құрылысы кезіндегі ұрлық фактісі бойынша тараптардың дауын бастады.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинді жазалауды сұрады.

«Болат Мажағұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе жымқыру») қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», - деп хабарлады прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігімен («Қолдас болу») және 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)