Жастар ойынға масыл

29.01.2025, 15:36
451
Жастар ойынға масыл жасанды интеллект

Әлем бойынша құмар ойынның жетегінде кеткендер түрлі оқыс жағдайларға, тіпті қатыгез іс-әрекеттерге барып жатқаны мәлім. Белең алған бұл індетке қатысты бүгін психолог-эксперттер өздерінің кәсіби пікірлерімен бөлісті.

Бұл зиян әуеске қарсы бола алатын мамандардың Қазақстанда жеткіліксіз екендігі жайлы психолог Александр Рущук (@psychology_aleksandr) сөз сөйледі.

«Қазақстанда, өкінішке қарай, жасөспірімдердің ойынға тәуелділігін толыққанды оңалту жүйесі жоқ. Заң бойынша жеке оңалту орталықтары кәмелетке толмағандарды қабылдай алмайды, және бұл мәселе қарастырылғанымен, тиісті заң қабылданған жоқ. Мемлекеттік мекемелерде көмек көрсетуге құлықсыз қарайды, ал олардың саны жеке орталықтарға қарағанда айтарлықтай аз (шамамен он жеке орталыққа бір мемлекеттік мекеме келеді)», – дейді Александр Рущук.

Сонымен қатар, Александр Рущук Қазақстанда аддиктология бағыты бойынша мамандар жеткіліксіз екендігі жайлы атап өтті. 

«Жасөспірімде тәуелділік, әсіресе құмар ойындарға деген тәуелділік қалыптасқанда, ол оңалту орталығынан көмек ала алмайды және психологтарға жүгінуге мәжбүр. Алайда, кез келген психолог тәуелділікпен жұмыс істей бермейді – бұл салада арнайы дайындалған мамандар, яғни аддиктологтар айналысады. Өкінішке орай, Қазақстанда аддиктология бойынша университеттік бағдарламалар жоқ, ал мен Украинада оқыған кезімде ондай мамандық бар еді», – дейді Александр Рущук.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласында ойынға әбден құмартқан азаматқа тәтесі түн уақытында ескерту жасап, отбасына тынығуға кедергі келтірмеу үшін ұйықтауын талап еткен. Алайда ашуға булыққан жігіт отбасы мүшелері ұйықтап қалған кезде оларға пышақпен шабуыл жасаған. Нәтижесінде, күдіктінің немере ағасы оқиға орнында қаза тауып, екі тәтесі мен немере қарындасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Автор: Марат Батырхан

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды