Ойынға тәуелді баланың болашағы үмітсіз

29.01.2025, 15:57
392
Ойынға тәуелді баланың болашағы үмітсіз жеке мұрағатынан

Виртуалды өмірге байлаған балалар саны жыл сайын артуда. Бұл жайт ақырындап әлемдік мәселеге айналып жатыр.

Психотерапевт дәрігер, профессор Багиярова Фатима Арыстановна бұл дертпен күресудің бірнеше жолын ұсынды.

Ойынға тәуелділіктің әсері жайлы маман:

«Мидағы сұр заттың көлемі азаюы – есте сақтау, ойлау қабілетін және зейінді төмендетеді. Сонымен қатар, шешім қабылдау, мінез-құлықты басқару секілді қабілеттер нашарлайды. Ойындар шамадан тыс ләззат көзіне айналып, басқа іс-әрекеттерге қызығушылық төмендейді», – деді ол.

Психотерапевтің тәуелділік мидағы нейрондар қызметіне де кері әсерін тигізіп, гормондар бұзылуына алып келетін ескертті:

«Қуаныш, мотивация секілді эмоцияға әсер ететін дофамин гормоны бұзылып салдарынан балада қуаныш сезімі әлсіреуі, апатия, анедонияболады. Ал серотонин бұзылуы депрессия, мазасыздық, ашушаңдық пен тәбеттің бұзылуына алып келеді. Стресс, шаршау, мотивацияның төмендеуісекілді белгілер адреналин гармонының бұзылуынан болады», – деді Фатима Арыстановна.

Ата-аналар мұндай жағдайда жасауы керек қадамдар

Баланың мінез-құлқын бақылау – экран алдында өткізетін уақытын анықтап агрессия деңгейінің төмендеуін байқау қажет. Екіншіден, тәртіп орнату – ұйқыға дейін 1-2 сағат бұрын гаджеттерді қолдануға тыйым салуы тиіс. Баланың ішкі қалауын ескере отырып ойынның оң және теріс жақтарынталқылап үйрету. Ең негізгісі қадам, альтернативті іс-шаралар ұсынып спорт, шығармашылық, үстел ойындарына қызығушылығын арттыру.

Психотерапевт балаларды қабылдауына алатын мамандарға да негізгі шарттар жайлы ақпараттармен бөлісті:

«Маман когнитивті және психикалық жағдайды бағалап зейін, есте сақтау, мазасыздық секілді сезімдер деңгейін тексеруі керек. Сараптама қорытындысынан соң күн тәртібін реттеу – экран алдындағы уақытты азайту, ұйқы мен физикалық белсенділік ритмін сақтау жайлы ата-анамен тілдесіп, бала тәрбиесі мен шекара қою әдістерін түсіндіруі шарт. Осы қадамдардан кейін когнитивті-мінез-құлықтық терапия (КМТ) яғни ойынға тәуелді балаларға психотерапия жүргізуі керек», – деді ол.

Ойынға тәуелділік – маңызды мәселе. Ата-аналар мен мамандар бірігіп, баланың күн тәртібін реттеу және балама іс-шараларды көбейту арқылы бұл тәуелділіктің алдын алуы қажет.

Жансая Нұрымханова

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді