Мас әйел Ақтау-Баку рейсінен шығарылды

30.01.2025, 10:32
415
Мас әйел Ақтау-Баку рейсінен шығарылды Polisia.kz

49 жастағы қала тұрғыны әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мас жолаушы әйел әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтау-Баку рейсінен түсірілді.

ІІМ мәліметінше, оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған. 49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды