Тағы бір ұшақ өзенге құлап, 18 адам өлі табылды
Ұшақ пен әскери тікұшақ соқтығысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Вашингтонда Потомак өзенінен ұшақ пен әскери тікұшақ соқтығысынан қаза тапқан 18 адамның денесі табылды.
CBS мәліметінше, әзірге тірі қалғандар анықталмаған. Өзенде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Суға құлаған әуе кемесінің бортында 64 адам, ал тікұшақта үш әскери қызмекер болған.
CNN телеарнасы іздеу жұмыстарына тікұшақтар жұмылдырылғанын, сонымен қатар оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатқанын жазды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші