Бурабайда ер адам мүгедек қыздың телефонын ұрлап, несие ресімдеген

30.01.2025, 11:59
425
Бурабайда ер адам мүгедек қыздың телефонын ұрлап, несие ресімдеген Canva / kasto

Қыз өзі серуендеуге шығып, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі қыз алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Бурабай ауданында мүмкіндігі шектеулі қыздың ұялы телефоны ұрланып, оның атына онлайн несие рәсімделді.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, II топтағы мүгедектігі бар 33 жастағы қызы 12 қаңтарда серуендеуге шығып, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Кейіннен қыздың Қатаркөл ауылында белгісіз ер адаммен жүргені анықталды. 14 қаңтарда қызы анасына көліктері сынып қалғанын айтып, фотосурет жіберген.

Алайда арада аз уақыт өткен соң онымен байланыс мүлдем үзілген. Белгілі болғандай, сол ер адам қыздың Samsung Galaxy A12 телефонын жымқырып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, тексеру жүргізуде. Тергеу барысында қаскөйдің ұялы телефонды ғана емес, мобильді банкингке кіру деректерін де иемденгені белгілі болды. Ол алаяқтық жолмен қыздың шотынан 201 755 теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жаратқан.

Зардап шеккен қыздың анасы бірден полицияға арыз жазды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды