Оралдық онкологтар әйел адамнан салмағы 9 келі болатын жатыр ісігін алып тастады

30.01.2025, 13:50
316
Оралдық онкологтар әйел адамнан салмағы 9 келі болатын жатыр ісігін алып тастады instagram.com/batys_medicina

Ісіктің ұзындығы 40 сантиметр болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлері әйелден салмағы 9 келі болатын алып жатыр ісігін алып тастады.

Операцияны тәжірибелі онкохирургтер Руслан Сәйденов пен Есенбек Ағайбаев жасады. Алынған ісіктің ұзындығы 40 сантиметр болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ота сәтті өткен. Қазір 41 жастағы науқас өзін жақсы сезінеді. Айта кетейік, әйел бұрын онкологиялық және басқа да аурулар бойынша есепте тұрмаған. Дәрігерге де қаралмаған. Дәрігерге іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болған кезде ғана келген. Дәрігерлер диагноз кезінде ғана әйелден үлкен ісік барын анықтаған.

Онкологиялық диспансер дәрігерлері облыс тұрғындарына дер кезінде скринингтік тексеруден өтуге кеңес береді.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады