SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Коста-Рикаға саяхаты кезіндегі қызық оқиғасын айтып берді.
«Мен сіздерді қатты сағындым. Сіздерге бір күшті оқиға айтып берейінші.
Коста-Рикаға саяхаттаған кезде, көшесі де, көлігі де жоқ аралға бардым. Тортугеро деген кішкентай арал — теңіз тасбақаларының да мекені. Қайық тоқтағаннан сәтте, көше кезген көп иттің ішінен бір қара күшік менің жаныма келді. Сол сәттен бастап, ол менің жанымнан шықпай, керемет күндерді бізбен бірге өткізді.
Осылайша, біз күшікке мейірім сыйладық, қамқорлық көрсеттік, иә, бірнеше күн болса да, жақын тартып, мейірім сыйладық...», – дейді Жәнібек