«Намаз оқитын кісілерге мақтанғым келді»: Құранды рэп қылып оқыған блогер халықтан жылап кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
30.01.2025, 15:51
829
«Намаз оқитын кісілерге мақтанғым келді»: Құранды рэп қылып оқыған блогер халықтан жылап кешірім сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген дейді блогер

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Juzzeffina Құранды рэп қылып оқу ойына қайдан келгенін айтып, халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Жұлдыз Жауынбаева алыпқашпа әңгіме таратқандарға желіде жауап қатты. 

“Жай ғана мәтін жазып кете салмай, халық алдында түсіндіргім келіп отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратпен арпалысып жатырмыз. Біріншіден, жұрттың наразылығын түсінемін. Себебі, сіздерге жалған ақпарат таратып жатыр. Жалған ақпараттың салдарынан мен кибербуллингке ұшырап жатырмын. Екіншіден, бұл дінген қатысты болғандықтан, үндемей отыра алмадым. Мені дінге қарсы адам ретінде көрсетіп жатқанына қатты ашулымын", – дейді блогер.

Сондай-ақ желі жұлдызы тойдың халал өткенін айтып, ақталды. 

“Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Шындығымды айта кетейін. Біріншіден ешқандай ішімдік болған жоқ. Себебі ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген.

Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым", – деп атышулы блогер мән-жайды түсіндірді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды