849

Түрмеден ерте босатылған шымкенттік 138 адам қайта сотталған

Бұрын істі болғандар жазасын қайта өтемек.

Түрмеден ерте босатылған шымкенттік 138 адам қайта сотталған
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында қалалық прокуратура пробация есебінде тұрғандарды тексеру бойынша мобильдік топ құрған.

Тексеру барысында мобильдік топпен сотталғандардың сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.

Тексеру қорытындысымен 192 сотталған әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 138 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Қалалық прокуратура қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Материал авторы