Балаева интернеттегі контентті қатаң бақылауға алмақ

31.01.2025, 10:14
364
Балаева интернеттегі контентті қатаң бақылауға алмақ SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Министр интернетте жалған ақпарат пен тыйым салынған жарнамалар, насихаттар көбейгенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева интернет кеңістігінде шындыққа жанаспайтын ақпарат жиілеп кеткенін алға тартты.

Ведомство басшысы желі әкімшілерін ақпаратты мұқият тексеруге шақырды.

Қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселе қызу талқыланып жатыр. Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбіне заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады. Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын. Әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұраймын, - деп жазды министр.

Балаева министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін, алайда желілік ресурстардың әкімшілері өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі керектігін еске салды.

Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жетті. Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында – терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар. Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылды.

Достар, кез келген мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторлар – ауызбіршілік пен ынтымақ. Сондықтан бәріміз, мемлекет басшысы атап өткендей, нағыз құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты кілті саналатын заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануымыз қажет, - деді ол.

Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған (ВИДЕО) Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО) Енді 59 жастағы ерлер мен 57 жасқа дейінгі әйелдер ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәлім ала алады «Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Президенттікке кандидат боламын деп шештім»: Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр «Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады