Ертеңнен бастап елде автогаздың бағасы қымбаттайды

31.01.2025, 11:58
657
Ертеңнен бастап елде автогаздың бағасы қымбаттайды Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ең жоғары баға литріне 65-107 теңгеге дейін көтеріледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда автогаздың шекті бағасы көтерілмек. Қазір аймаққа байланысты құны 54 теңгеден 94 теңгеге дейін өзгеріп тұрса, көп ұзамай шекті баға литріне 65-107 теңгеге дейін көтеріледі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Қосалқы құн салығын (ҚҚС/НДС) қоса алғанда, автокөлік газына келесі бағалар бекітілді:

Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге);
Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге);
Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге);
Ақтөбе, Атырау облыстарында – 77 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай елді мекендерде – 82 теңге;
Ақмола облысы (бұрын 84 теңге), шалғай елді мекендерде – 107 теңге;
Алматы облысына – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай елді мекендерге – 107 теңге;
Жамбыл облысына – 90 теңге (бұрын 78 теңге), шалғай елді мекендерге – 95 теңге;
Батыс Қазақстан облысына – 77 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай елді мекендерге – 82 теңге;
Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай елді мекендерде – 95 теңге;
Маңғыстау облысына – 65 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай елді мекендерге – 70 теңге;
Павлодар облысына – 102 теңге (бұрын 81 теңге), шалғай елді мекендерге – 107 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай елді мекендерге – 107 теңге;
Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай елді мекендерде – 95 теңге;
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (бұрын 84 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге.
Бұйрық 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, Қазақстан үкіметі 30 қаңтардан бастап жанар-жағармай бағасын босатып, бір мезгілде елден жанар-жағармай экспортына тыйым салған болатын. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, баға бірте-бірте көтеріледі, бірінші өсім 5 теңгеден аспайды. Ол сондай-ақ нарық қатысушылары осы көрсеткішті басшылыққа алатынын баса айтты. Содан кейін баға тым күрт көтерілген жағдайда шұғыл әрекет болады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады