14 жасар қыздың өліміне кінәлі өгей әкесі мен анасы 19 жылға сотталды

31.01.2025, 14:35
703
14 жасар қыздың өліміне кінәлі өгей әкесі мен анасы 19 жылға сотталды әлеуметтік желіден

Талдықорғандық ата-ана қызды асқан қатігездікпен өлтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызын өлтірді деп айыпталған ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты.

Карина Дорохинаның денесі 2024 жылдың қаңтарында Текелі тауларынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер қыздың өгей әкесі мен анасын ұстаған болатын. Олар өз кінәсін толық мойындаған.

Сот тергеуі барысында сотталушылардың қылмысты 2023 жылдың күзі (қазан айының басынан қарашаға дейін) аралығында жасағаны анықталды. Ал баланы өлтіру қылмысы 6 қарашада орын алған.

М. (өгей әкесі – ред.) мен Е. (анасы – ред.) кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындылары мен айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімімен М.  өмір бойына бас бостандығынан айырылып, ерекше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ал Е. 19 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болды, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ, сотта кәмелетке толмаған марқұмның өкілі сотталғандардың біріне моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап қойғаны айтылды. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырып, 15 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды