«Төрт рет жедел жәрдем шақырған»: Тұмаудан қайтыс болған баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Аиса Махамбет Редактор
31.01.2025, 15:15
559
«Төрт рет жедел жәрдем шақырған»: Тұмаудан қайтыс болған баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты жеке мұрағатынан

Фельдшер ауруды сылтауратып жатқанын айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Дамир Булумбаевтың анасы бір емес төрт рет жедел жәрдем шақырған. Фельдшер екі рет баланы ауруханаға жатқызудан бас тартып, оның ауруды сылтауратып жатқанын айтқан. Үшінші рет шақырғанда жауап бермеген, тек төртінші рет шақырғанда баланы ауруханаға жеткізген, бірақ тым кеш болды.

13 жастағы Дамир Болымбаев дзюдомен шұғылданып, спортты жанына серік еткен. Ол сабақты да үздік оқыған. Талабы таудай жеткіншек Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алған. Ал өткен аптада дене қызуы күрт жоғарылағаннан кейін сабаққа баруды тоқтатқан.

Бастапқыда баланың тек қызуы көтеріліп тұрған. Аяқ-қолы бірден тартылды. Бауырым фельдшерге өзін өте жайсыз сезініп тұрғанын ескерткен. Алайда дәрігер ол сабаққа бармау үшін ойлап тапқан сылтау деп жеңіл-желпі қарады, – деді марқұмның туысы Әлия Болымбаева.

Марқұмның ет жақындары "үйге келген дәрігер тек тұмауға қарсы дәрі-дәрмекті нұсқауымен шектелді", - дейді. Бірақ керек дүниені қабылдаса да, оқушының сырқаты басылмаған. Ең соңғы сәтте амалдары таусылған Дамирдің жақындары жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Анасы Дамирдің дел-сал күйін көрсетіп, көмек сұраса да ақ халаттылар назарға алмады. Қолында ісік пайда болғанынан ескертіп айтқан. Дәрігер "әбден мазаладыңдар" деген сыңай танытып түйілуді басатын спазмолитик салған. Сол екпеден соң баланың жағдайы күрт төмендеген. Көзінің қарасы өзгеріп, тынысы тарылып, жаны қысылды, – деді марқұмның туысы Анна Пфайфер.

Үшінші рет келген жедел жәрдем ғана Дамирді әлсіреген жағдайда жансақтау бөліміне жеткізген. Өкініштісі, бала дәл сол жерде жан тапсырған. Телеарна мәліметінше, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер тарапынан салғырттық болғанын растайды.

Бұл оқиғаға тәуелсіз сарапшылар тобын тарта отырып, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала қызметтік талдау нәтижелері бойынша кейбір медицина қызметкерлері тарапынан заңбұзушылық анықталды. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады, – деп жазылған Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Марқұмның ата-анасы құқық қорғау органдарына арыз жазған. Ал Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті қайғылы оқиғаны тексеруге кірісті.

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)