1595

Түйе секіріп кеткен жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды

Бейнеулік көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

Түйе секіріп кеткен жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жүк көлігінен түйенің секіріп кеткені кеңінен таралған болатын. Оқиға Жаңаөзен қаласында болған.

Бұл көріністі артынан ілесіп келе жатырған автокөліктің жолаушысы ұялы телефонға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде бір күн бойы қызу талқыға түскен. Жануардың жағдайына алаңдаған желі қолданушылары бейқам жүргізушінің әрекетіне шүйлікті. 

Бұл оқиға полиция инспекторларының назарынан тыс қалмады. 

Жаңаөзендегі Асау барақ көшесінің бойында болған жағдайға қатысты Бейнеуден келген жүргізушіге хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа жабылды, деп мәлімдеді Жаңаөзен қалалық полициясы.

Материал авторы