Биыл алғашқы қазақстандық Samsung теледидарлары сатылымға шығады

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2025, 10:51
810
Биыл алғашқы қазақстандық Samsung теледидарлары сатылымға шығады Stock Photo

Скляр мен Samsung компаниясының президенті кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өткізді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Роман Скляр жергілікті өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбегіне енгізу, оқшаулауды тереңдету, өндірістің өсімін қамтамасыз ету және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу аясында Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады.

Бұл жоба отандық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ кездесу барысында тұрмыстық техника өндірісі және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Айта кетейік, осыдан бұрын Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткенін жаздық.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді