704

Құны 120 млн теңгеге бағаланған "Ордабасының" шабуылшысы Еуропаға кетті

Енді мансабын Польшада жалғамақ.

Құны 120 млн теңгеге бағаланған "Ордабасының" шабуылшысы Еуропаға кетті
instagram.com/usevaladsadovski

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы үш маусым Шымкенттің "Ордабасы" клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады, деп хабарлады 1bol.kz. 

Ол Польшаның "Котвица" клубымен келісімшартқа отырған. "Ухо" телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген.

Садовский "Ордабасы" сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы – Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.

Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге).

Материал авторы