Экс-депутат Төлеутай Рақымбековтың қызы әкесін сотта жеңіп шықты

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2025, 12:15
808
Экс-депутат Төлеутай Рақымбековтың қызы әкесін сотта жеңіп шықты жеке мұрағатынан

Айбота Рақымбекова өгей әкесінің жала жауып, ар-намысына тиетін сөздер жариялағаны дәлелдеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астаналық Айбота Рақымбекова “Ауыл” партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбековты сотта жеңіп шықты. Өгей әкесінің оған жала жауып, ар-намысына тиетін сөздер жариялағаны дәлелденді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Айбота Рақымбекова оны әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлағанын желіде айтып, әділдікті талап еткен еді. Айтуынша, бала күнінде әкесі оны екі рет зорлап, кейін анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Өзіне тиесілі мүлкінен айырылған ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады. 

Кейін экс-депутат бұл мәлімдемеге жауап беріп, қызын есірткіге тәуелді, патологиялық өтірікші деген еді. Алайда Айбота мұны жала деп “жеке басын қорлау” бойынша шағым түсірген. 

22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтың сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды. 

“Еліміздің сот жүйесі ақыры менің ісімді объективті қарап, әділ шешімін шығарды! Қазіргі уақытта “Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуі жүріп жатыр. Яғни әкем мені алдап, мұрамнан айырғаны үшін сотқа берген едім. Бұған дейін Төлеутай Рақымбеков мені өтірікші, нашақор деп айыптаған. Бұл жалған ақпарат менің атыма кір келтіріп қана қоймай, басқалардың алдында абыройымды түсірді.  Әділ шешім шығарып, шындықты ести алғаны үшін сотқа алғысымды білдіремін. Бұл шешім мен үшін жай ғана жеңіс емес – бұл әділдік барын еске түсіріп, сенімді қайта жаққан күн”, – деді жәбірленуші.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды