«500 мың долларым кеткен»: танымал әнші Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша ұтылғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2025, 16:48
1007
«500 мың долларым кеткен»: танымал әнші Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша ұтылғанын айтты жеке мұрағатынан

Бір жарым жылдың ішінде күл-талқаным шығып кетті дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жігіттер тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болған кездегі қиындықтарын ашық айтты. Ол журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, қиын күндерді есіне алды. 

“Бір жарым жылдың ішінде күл-талқаным шығып кетті. Өткенде отырып есептесем, 500 мың доллардай кетіп қалыпты. Оның ішіне бүкіл қарыз бен берген дүние-мүлкім бәрін қосыңыз. Ал мен өзім үйде 45 мың доллардай жинаған адаммын ғой. Құмар ойынның адамға тигізетін залалы көп. Қаншама адамдармен әңгімелестім. Бірі отбасынан айырылған, бірі кәсібін тастаған. Қолдағы барын бағаламаған. Солардың әңгімесі маған әсер етті”, – деді актер. 

Әншінің айтуынша, ол өзін тоқтатудың түрлі жолдарын қарастырған, десек те бірден үзілді-кесілді бас тартпаған. 

“Қонев қаласындағы тізіліп тұрған бүкіл ғимараттардың бәріне кіріп, әкімшіліктерін шақырып: "Маған келесі келген кезде кіре алмайтындай етіп есікті жабыңыздар", – деп өтініп, аралап шықтым. Бұл әрекетім арқылы олар есігін жапты ма, жоқ па—білмеймін, бірақ санамның есігін осы әрекеттіммен ақырындап жаптым. Кейін ақырындап өнеріме көңіл бөле бастадым. Өмірді жақсы көретін, кәсіппен айналысатын, үнемі оқып, білім іздейтін адамдардың ортасында жүруге талпындым", – деді Бағлан.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды