«Арақты ішсең, арқаңда қанат пайда болады»: ауыр атлет Алмас Өтешов ішімдікті тастағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 14:48
723
«Арақты ішсең, арқаңда қанат пайда болады»: ауыр атлет Алмас Өтешов ішімдікті тастағанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ол арақ ішпеймін деп анасына уәде бергенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов ішімдікті тастағанын айтты. Ол "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында анасына берген серті туралы сөз қозғады. 

“Қазір өмірім өзгерді деп айтуға болады. Ішімдікке жоламай жүрмін. Арақ деген бәле маған осы уақытқа дейін ауырсынуды басатын дәрі серілді болды. Ішіп жүрген адамдар біледі ғой, арақты ішсең, арқаңда қанат пайда болады. Оның қандай құдыреті бар екенін білмеймін, бірақ ішкенде "екі қойың бір сом" болады", – деді спортшы. 

Әлем чемпионының сөзінше, анасына берген уәдесін орындап, түбегейлі ішімдікті аузына алмаған. 

"Алла тағала мені енді мұндай жаман жолдан сақтасын. Өз-өзіме де, анама да, бауырларыма да бұдан кейін ішпек түгілі, қолыма да ұстамаймын деп сөз бердім. Биыл мүшел жасқа кірдім, анам да айтып жатыр. Мен негізі ондайға сенбеймін, бірақ адамдар да дұрыс айтатын шығар, "37 жас – мүшел жасқа кірдің, ең қауіпті жас" деп айтып жатыр. Анам да "балам, тыныш жүрші, абайлап жүрші, тұла бойым тұңғышымсың, қой енді болды" деді. Мен де анама уәдемді бердім. "Енді мені жаман жағынан көрмейсіз, сізді жылатпауға, адам болуға тырысамын, еліме, халқыма қызмет ететін жігіттің бірі боламын" деп серт бердім, енді сол сертімде тұруым керек", – деп жан сырын ақтарды ауыр атлет.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды