«15 жылдан бері тұрып жатырмын»: бас имам зәулім үйдің бейнежазбасына қатысты жауап қайтарды

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 17:34
473
«15 жылдан бері тұрып жатырмын»: бас имам зәулім үйдің бейнежазбасына қатысты жауап қайтарды бейнежазбадан алынған кадр

Астанада "мешіттің бас имамы тұрады" деген зәулім үйдің иесі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде "Астана қаласы мешітінің бас имамы тұрады" деген зәулім үйдің видеосы тарады. Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері аталған үйдің имамға тиесілі емес екенін дәлелдеу үшін оның иесін тапқан.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook желісінде бұл жайтқа қатысты түсінік беретін видео жариялады. Онда сол үйдің иесі өзін таныстырып, зәулім ғимаратты өзі салғанын айтады.

"Соңғы кезде осы үй бас имамның үйі делінген видео тарап жүр. Бұл жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мен Нұрлан Лесбекұлы осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын. Өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді кадрдағы ер адам.

Осы ретте ҚМДБ өкілі де видеоға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кезде әлеуметтік желіде тарап жатқан жала-жалғанға нүкте қоюға тура келіп тұр. Ұстаздарымызға, имамдарымызға, руханият саласындағы майталмандарымызға түрлі жала мен жалған ақпараттар кең етек алып жатыр. Құранның тілімен айтсақ, біреудің ақысын жеу, біреуге зұлымдық жасау, біреуге әділетсіздік таныту дүниелік һәм ақыреттік үлкен азапқа себеп болатын күнә болмақ. Қоғамда ізгілік жасау қалай сауапқа кенелтсе, біреуге зұлымдық жасаудан өзін тыю да үлкен сауапқа кенелтпек", - дейді діни басқарма өкілі. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды