«Әкімшіліктен рұқсат қағаз әкел»: Алтынай Жорабаева тыңдармандарымен фотоға түсемін деп басы дауға қалды

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 19:27
970
«Әкімшіліктен рұқсат қағаз әкел»: Алтынай Жорабаева тыңдармандарымен фотоға түсемін деп басы дауға қалды жеке мұрағатынан

Алтын сататынымды айтып тұрсам, күзетші келді дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Алтынай Жорабаева тыңдармандарымен фотоға түсемін деп ренжіп қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Оқиға Астанадағы танымал ойын-сауық орталығында болған. 

“Хан шатырдан атып шықтық. Мені танып, менімен фотоға түскісі келген халық көп болды. Олармен әңгімелесіп, алтын сататынымды айтып тұрсам, күзетші келді. “Бұл жерде фотоға түсуге және түсіруге болмайды. Әкімшіліктен рұқсат қағазыңыз болуы керек” деді. Мен тыңдармандарыммен фотоға түсу үшін рұқсат қағаз алып жүруім керек екен. Бұл қайдан шыққан заң?! Ол жерде командамен клип түсіріп жатсам, талап етуге болады. Мен де түсінемін. Бір-екі минутта халық мені қоршап алды. Мен олармен фотоға түстім. Одан кейін алтын сататын бизнесімді таныстырдым. Арасында парақшасын білетіндерге рақмет ретінде тәтті ұсындым. Міне, бас аяғы бір-екі минут ғана аялдадым. Екі ортада күзетші келіп, салғыласып ұрсып тастады. Қатты ашуланып қалдым”, – деді әнші. 

Еске салайық, "Бір қыста екі жылқы жейміз" деп Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, көпшілікке жақпай қалған еді. 

“Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын”, – деген еді өнер иесі. 

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)