«Соңында 4 баласы қалды»: Күйеуі Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан әйел жол апатынан қаза тапты

Аиса Махамбет Редактор
06.02.2025, 10:29
853
«Соңында 4 баласы қалды»: Күйеуі Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан әйел жол апатынан қаза тапты жеке мұрағатынан

Қаңтар оқиғасынан кейін, күн көру мақсатында Сая такси айдап жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Еркебұлан Сыбықбаевтың әйелі Сая Есенгелді такси қызметімен айналысып жүріп, жол апатынан қаза тапқан. Қаңтар оқиғасынан кейін, күн көру мақсатында Сая такси айдап жүрген. Балаларына анасы қарасқан. Өкінішке қарай 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолында жол апаты болып 3 адам қаза тапқан еді. Сол кезде көлік ішінде Сая да болған. 

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың сөзінше, Сая балаларын асырау үшін барын салған. Күндіз курьер болып, түнде такси жүргізушісі болған. Әкімдік әйелге баспана алып беруге көмектесеміз деп уәде берген. Бірақ қандай да бір себептермен олар пәтер әперуден бас тартқан. 

Ата-анасынсыз қалған балалардың болашақ тағдыры не болары әлі белгісіз. Айтуларынша, олардың тәтесі (Саяның әпкесі) бар. Бірақ оның жеке баспанасы болмағандықтан қорғаншылық ала ма, жоқ па, ол да белгісіз.

Бұған дейін Сая Есенгелді күйеуінің қазасына қатысты сұхбат берген еді. Ол сол кездегі сөздерінің бірінде, күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тигенін айтқан. Алайда оның қақтығыс алаңына қалай барғанын білмейді.

"Еркебұланға оқ президент резиденциясының алдында тигенін айтты. Бірақ нақты білмеймін. Үйден шыққан кезде митингке бара жатқанын айтпады. Анамызды жұмыстан алып кетуге кеткен. Бірақ не анамызға бармады, не үйге келмеді. 5 қаңтар кешке дейін күттік, содан кейін іздеуге кірістік. Бірақ таба алмадық. 7 қаңтарда ауруханадан табылды. Өзімен бірге қалтасында құжаты болмаған. Көлігі бір жақта, өзі бір жақта...", - деп айтқан ол. 

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ