«Жыныстық көзқарасы туралы естігенмін»: Жан Ахмадиев әнші Алмас Кішкенбаев туралы

Аиса Махамбет Редактор
06.02.2025, 10:58
1334
«Жыныстық көзқарасы туралы естігенмін»: Жан Ахмадиев әнші Алмас Кішкенбаев туралы жеке мұрағатынан

Қандай жағдай болса да, мұнысы – оңбағандық дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасөспірімге тиісті деп айыпталып, 15 тәулікке қамауға алынған белгілі әнші Алмас Кішкенбаев туралы жаңалық әлеуметтік желіні шулатты. Өнер иесінің әріптестері Алмастың ішімдік секілді жаман әдеттерден ада десе, енді бірі әншіге қатысты қауесеттің рас екеніне көз жеткізді. Бұл туралы Astanatv.kz арнасы жеткізді. 

"Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынған Алмас Кішкенбаевтың өнердегі әріптестері оның мұндай әрекетке барғанына сенбейді. Әнші Иван Бреусов Алмастың тіпті ішімдік ішкенін көрмегенін айтады.

“Оның мұндай дөрекі әрекет жасағанын көрген емеспін. Ішімдік ішкен деп жатыр. Алмастың ішімдік ішкенін байқамағанмын. Болған жағдай мені таңғалдырды. Бірақ жеке басым Алмасты жамандыққа қимаймын”, – дейді Иван Бреусов.

Әншінің жанкүйерлері де Алмас Кішкенбаевтың мұндай бұзақылыққа барғанына сенбейді. Олар бәз біреулер өнер иесін аяқтан шалды дейді. 

“Мүмкін біреуге жақпай қалған шығар. Бұл жалған болуы да мүмкін. Мүлдем сенбеймін. Өйткені сондай қарапайым бала. “SuperStar.kz” жобасына қатысқан кезде қарапайым бала еді. Ол әжесінің тәрбиесінде болды. Алмастың мұндай әрекет жасағанына сенбеймін. Оны біреулер аяқтан шалған сияқты”, – дейді Алмастың тыңдармандары.

Ал қазақстандық атышулы блогер Жан Ахмадиев Алмастың дәстүрлі емес жыныстық көзқарасы туралы естігенін айтады.

“Алмас есі дұрыс, жақсы жігіт. Бірақ оның жыныстық көзқарасы туралы естігенімді ескерсек, мүмкін ол 17 жастағы жасөспірімді ересек жігіт деп ойлап қалған шығар. Қазір 17 жастағылар өз жасынан үлкен көрінеді. Қандай жағдай болса да, мұнысы – оңбағандық. Әртіс әр кез өз тыңдармандарының назарында. Бұл әрекеті дұрыс емес”, – дейді Жан Ахмадиев. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады