Трамп жынысын ауыстырған спортшыларға әйелдердің жарысына қатысуға тыйым салды

06.02.2025, 12:19
376
Трамп жынысын ауыстырған спортшыларға әйелдердің жарысына қатысуға тыйым салды SCANPIX/EPA/JIM LO SCALZO

АҚШ Президенті жарлыққа қол қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп еркек болып дүниеге келген трансгендерлерге әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

Ақ үйдегі қол қою рәсімінде Трамп өзінің сайлауалды уәделерінің бірін орындайтынын мәлімдеді.

Естеріңізде болса, ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Трамп тек екі биологиялық жыныс бар екенін атап өтті: «еркек» мен «әйел» және оның әкімшілігі басқа анықтамаларды мойындамайтынын алға тартты. Ол сондай-ақ трансгендер спортшыларға әйелдер спортында орын жоқ екенін айтқан.

Былтыр Париж Олимпиадасында ер боксшының жойқын соққымен қарсыласын 46 секундта жеңіп, алтын медаль ұрлағанын қалай ұмытуға болады? Бүгін соған нүкте қоямыз, өйткені осы жарлық арқылы әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталды, - деді ол.

Сондай-ақ құжатта федералды қаржыландыру алатын білім беру мекемелері трансгендерлік спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салуға міндетті болады. Әйтпесе олар қаржыландырудан айырылуы мүмкін.

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты