20 жыл құлдықта болғанын айтқан адам сөзін жоққа шығарды

06.02.2025, 13:38
873
20 жыл құлдықта болғанын айтқан адам сөзін жоққа шығарды жеке мұрағатынан

Қазалыда бүтін бір отбасы құлдықта болдық деп дабыл қаққан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыдан бірер күн бұрын Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ақсуат ауылында тұратын отбасы әлеуметтік желіде 20 жыл құлдықта болғанын айтып, жанайқайын жеткізген еді. Олар сол өңірге белгілі кәсіпкерден жылдар бойы қорлық көріп келгенін жеткізген. Дегенмен енді отбасының қожайыны Қожагелді Жалғасбаев сөзінен бас тартып отыр. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Осы жаққа 2004 жылы көшіп келдім. Ағайын адамбыз ғой. Құлдықта болған жоқпын. Ағайын болған соң, жай жұмсайды, көмектесеміз ғой. Ренішім жоқ. Үйімді алып беремін деп отыр, мал бермекші, - дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Жергілікті блогер Үйтолған Жареке әкесі «қолын шапты» деген сөзінен де тайқып отыр. Шөп турағыш шайнап кетті деп ақталды. Бірақ жұмыс уақытындағы жарақат кезінде рәсімделуі тиіс құжаттар жасалмаған дейді.

Бұлар мал иесі байға бөтен емес, туған нағашысы екен. Қарақалпақстанда жағдайы болмай жүрген жерлерінен алдырған. Осы жұмысты беріп, бас-көз болып отырған. Ешқандай еңбек келісімшартынсыз, құжатсыз. Момынның есебін қу табады демей ме? Әйтпесе анасының туған бауырына осыншалық жаны ашымастық көрсету үшін ол жиеннің жүрегі қандай болуы керек? Бүгін: «Нағашы мен жиен татуластық. Ағайын арасы кикілжің еді. Малшы отбасына жылдар бойы мал бақтырып келген жиені үй алып беріп, еншісін беріп бөлек шығарып жатыр», - деген ақпарат келді. Ағайын араласады. «Қол сынса, жең ішінде, бас сынса, бөрік ішінде» деп қазақшылықтары еске түсе қалады. Осы отбасы құм арасы құладүзде бейнетке батып, есесі еленбей жүргенде қайда сол қазақшылықтарың? Енді сол алып берген үйде тұрып қатарға қосылып кетсін, - дейді блогер.

Бұған дейін Жалғасбаев 24.kz тілшісіне берген сұхбатында 20 жыл бұрын «жұмыс тауып беремін» деген уәдемен отбасымен бірге шекарадан алып өткенін мәлімдеген еді. Содан кейін 20 жыл бойы жергілікті кәсіпкер жалғыз өзін ғана емес, жолдасы мен бала-шағасын да қара жұмысқа жеккенін айтқан.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған