Бокстан кеткен Қамшыбек Қоңқабаев «қызметтік креслоға» жайғаспақ

06.02.2025, 15:19
583
Бокстан кеткен Қамшыбек Қоңқабаев «қызметтік креслоға» жайғаспақ olympic.kz

Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қоңқабаевтың қызметі туралы жаңалықты Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Өңірде боксты дамытуға барынша бет бұрамыз. Өздеріңіз белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Бұл жетістікті одан әрі жандандыруымыз қажет. “Тарлан” бокс кешенін мемлекеттің балансына алуды жоспарлаудамыз.

Егерде бұл жұмысымыз ойдағыдай аяқталса, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдап, жұмысты одан әрі жандандырамыз. Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жылдың басында спорттағы мансабын аяқтағаны туралы айтылды. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансабында Токио олимпиадасының қола,  екі дүркін ӘЧ күміс (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс (2017, 2019, 2021) жүлдегері атанды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды